“Аль-Наср” капитаны Криштиану Роналду Португалдық спорттық подкасттың үзіндісінің астына жазба қалдырып, журналистердің Жоау Феликсті сынауына қатты наразы болды.
Подкаст жүргізушілерінің бірі Феликстің Сауд Арабиясына көшуін “нағыз масқара” деп атаған. Бұған жауап ретінде Роналду қысқа да нық пікір жазды:
“Ақымақтар, футболдан түк түсінбейсіңдер, бірақ бәрібір пікір айтасыңдар!” – деп ашуын білдірді Португалиялық жұлдыз.
Еске сала кетсек, Жоау Феликс өткен жазда “Челсиден” “Аль-Насрға” ауысқан болатын. Ол жаңа клубында небәрі бес матчта өнер көрсетіп, төрт гол соғып үлгерді. Қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды, ал Transfermarkt деректеріне сүйенсек, оның нарықтық бағасы – 20 миллион еуро.
Біздің серіктес: FONBET