Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналду – “Реал Мадридтің” тарихындағы ең тиімді трансфер

07.07.2025, 19:00

Бүгін футбол тарихындағы ең ірі әрі табысты трансферлердің біріне тура 16 жыл толып отыр. Дәл осы күні, 2009 жылдың 07 шілдесінде Португалиялық Криштиану Роналду Ағылшынның "Манчестер Юнайтед" клубынан Испанияның алыбы "Реал Мадридке" 80 миллион фунт стерлингке ауысқан еді.

Жарнама
Жарнама

Роналду "Реал Мадрид” сапында өткізген 9 жылдың ішінде жалпы саны 438 матчқа қатысып, 450 гол соқты, бұл клуб тарихындағы ең үздік нәтиже. Ол Ла Лигада, УЕФА Чемпиондар лигасында, ұлттық кубоктар мен халықаралық турнирлерде "Реалдың” басты жұлдызына айналды.

Ол мадридтік клубпен бірге мынадай трофейлерді жеңіп алды:

Ла Лига: 🏆🏆

Копа дель Рей: 🏆🏆

Испания Суперкубогы: 🏆🏆

Чемпиондар лигасы: 🏆🏆🏆🏆

УЕФА Суперкубогы: 🏆🏆

Клубтық Әлем чемпионаты: 🏆🏆🏆

Бұл жетістіктер Роналдуды «Реалдың» тарихындағы ең ықпалды және нәтижелі ойыншылардың бірі етіп көрсетеді.

2009 жылғы 80 миллион фунт стерлинг бүгінгі күннің инфляциялық деңгейімен 117 миллион фунтқа немесе шамамен 137 миллион еуроға тең. 

Жейде сатылымынан келген табыс:

Роналду келген алғашқы 24 сағатта 80,000 дана жейде сатылып, рекорд орнады.

2009–2018 жылдар аралығында жылына 1–2 миллион дана жейде сатылған.

9 жыл ішінде жалпы 10–15 миллион дана сатылды.

Орташа бағамен (80 евро) есептегенде, жалпы сатылым көлемі – 800 миллион евро.

Клубтың осы сатылымнан тікелей алған табысы (15–20%) – 120–160 миллион евро аралығында болды.

Басқа қаржылық табыстар:

Спонсорлар мен жарнама: 200+ миллион евро

Телевизиялық құқықтар: 150+ миллион евро

Чемпиондар лигасындағы табыстар: 100+ миллион евро

Мұның барлығы "Реал Мадридтің” Роналдуға жұмсаған 94 миллион евроны бірнеше есе пайдамен қайтарғанын көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров