Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналду Сауд Арабиясынан бас сауғалады

03.03.2026, 16:50

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Криштиану Роналдудың құны 81 миллион долларлық сәнді ұшағы Сауд Арабиясынан шұғыл аттанып кетті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Эр-Риядтағы АҚШ елшілігіне жасалған дрон шабуылдары аймақтағы қауіпсіздік мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

Flightradar24 қызметінің мәліметінше, Португалиялық жұлдыздың Bombardier Global Express ұшағы түн ортасында Сауд Арабиясы астанасынан ұшып шығып, Мадридке бағыт алған. Ұшақ Египет пен Жерорта теңізінің үстінен өтіп, жеті сағатқа жуық жол жүрген. Жергілікті уақытпен кешкі сағат 20:00-де көкке көтерілген лайнер түн ортасына таман Испания астанасына қонды.

Әзірге ұшақ бортында Роналдудың өзі немесе оның отбасы болған-болмағаны туралы ресми ақпарат жоқ.

Бұл оқиға Иран, АҚШ және Израиль арасындағы шиеленістің күшеюімен тұспа-тұс келіп отыр. Қазіргі таңда қауіпсіздік мақсатында мыңдаған шетелдік азамат аймақтан кетуге тырысуда. Тіпті, Роналдудың бұрынғы әріптесі Рио Фердинанд Дубайдағы зымыран соққысы туралы ескертулерден кейін отбасымен бірге таса жерге тығылуға мәжбүр болғанын айтып, жағдайдың қаншалықты күрделі екенін жеткізіп үлгерген.

"Әл-Наср” шабуылшысы бұл заманауи ұшақты 2024 жылы өзінің ескі Gulfstream G200 моделін сатып жібергеннен кейін иеленген болатын. 15 жолаушыға арналған ұшақтың ішінде екі кісілік төсегі бар жеке люкс бөлме, душ кабинасы және Роналдудың логотипі мен гол тойлау сәті бейнеленген арнайы интерьер бар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров