Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналду трофейден қағылды

29.10.2025, 12:30

Сауд Арабиясының Король кубогының 1/8 финалында "Әл-Наср" мен "Әл-Иттихад" кездесіп, басты фаворит саналатын Роналдудың командасы күтпеген жеңіліске ұшырады.

Жарнама
Жарнама

Соңғы уақытта керемет ойын көрсетіп жүрген “Әл-Насрлықтар" — матчқа үлкен сеніммен шыққан еді, алайда Карим Бензема бастаған қарсылас жеңісті қолдан бермеді.

Ойынның 15-минутында "Әл-Иттихад” жылдам қарсы шабуыл ұйымдастырып, Мусса Диаби дәл паспен Бенземаны тапты — Франциялық шабуылшы есеп ашты. 30-минутта Роналдудың қапталдағы шабуылынан кейін доп Анжелоның аяғына келіп, ол жойқын соққымен таразы басын теңестірді. Алайда алғашқы таймның соңғы сәттерінде Хуссем Ауар керемет соққымен есепті 2:1 етіп, өз командасына жеңіс сыйлады.

Екінші тайм басында "Әл-Иттихад” қорғаушысы Ахмед әл-Джуләйдан Мұхаммед Симаканның басына қауіпті соққы жасап, қызыл қағаз алып қалды. Осылайша Бенземаның командасы алаңда он ойыншымен қалды. Соған қарамастан, "Әл-Иттихад” қорғаныста берік ойнап, Роналду бастаған шабуылшылардың бірнеше мүмкіндігін сәтсіз аяқтатты. Нәтижесінде "Әл-Наср" жарыстан ерте шығып қалды.

Бұл жеңіліс Роналду үшін тағы бір сәтсіздік болды. Жазғы трансферлік науқанда Иньиго Мартинес, Кингсли Коман және Жоау Феликс сынды жұлдыздарды қатарға қосқан "Әл-Наср” барлық жарыста жүлде үшін күресуді мақсат еткен еді. Бұған дейін Сауд Арабиясының Суперкубогында да финалда жеңілген команда тағы бір мүмкіндікпен қош айтысты.

Маусым басынан бері "Әл-Наср" барлық турнирлерде 10 матч қатарынан жеңіп келе жатқан — оның ішінде алтысы лигада, үшеуі Азия Чемпиондар лигасында және бірі осы Кубокта болған. Сол серияның бірінде олар "Әл-Иттихадты" да жеңген, бірақ бұл жолы қайталанбады.

Енді Роналду мен "Әл-Насрдың” басты мақсаты — Сауд Арабиясы лигасы мен Азия Чемпиондар лигасының жаңа форматы саналатын AFC Champions League Two турнирінде табысқа жету. Бас бапкер Жорже Жезуш лига чемпиондығын бірінші кезектегі міндет деп есептейді, дегенмен құрлықтық жарыста да жүлде алу мүмкіндігі жоғары.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров