Криштиану Роналдуды рингтен көруіміз мүмкін

06.03.2024, 15:51

RCC Boxing Promotions ұйымының өкілі, боксшы Магомед Құрбанов Криштиану Роналдумен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді. Қос спортшы Сауд Арабиясында жолығып, осы жекпе-жек туралы әңгімелескен болатын.

«Роналду екеуміз жекпе-жектер, салмақ қуу секілді дүниелер төңірегінде сөйлестік. Ол маған алдағы бәсекеде сәттілік тіледі. Ал мен одан: шаршы алаңға шығуы мүмкін бе деп сұрадым. Роналду бұл сұрағыма: «Жоқ, мен тек футбол ойнаймын» деп жауап қатты» - дейді М.Құрбанов.

Айта кетейік, Магомед Құрбанов 8 ші наурызда Өзбекстандық Исраил Мадримовпен WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионының титулына таласады. Португалиялық футболшы осы жекпе-жекті тамашалауға үшін келеді деп күтілуде.