Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналдуды үлгі тұтудың 8 себебі

05.12.2024, 16:09

Жер жаһандағы ең танымал футболшы Роналду жайлы 8 түрлі ой айттық. Оқып көріңізші, Сізге ұнауы тиіс. 

Жарнама
Жарнама

1.    Роналду үнемі донор болады
24 жасынан бастап Роналду үнемі қан және плазма доноры болып келеді. Сол себепті оның денесінде ешқандай татуировка жоқ. Себебі татуировка жасатқан адамға 6-12 ай бойы қан тапсыруға тыйым салынады. Ал Роналду бірде-бір рет татуировка жасатпаған, сондықтан үнемі қан доноры болуды жалғастырып жүр.
    2.    Қайырымдылықпен айналысады және ақша аударады.
Криштиану бұл туралы жария ете бермейді, бірақ журналистер оның қайырымдылық әрекеттері туралы жиі анықтап отырады. Балалардың ота жасауына, емделуіне, қираған ғимараттарды қалпына келтіруге немесе аурухана салуға қаражат бөледі. Бір сөзінде ол: «Әкем маған: “Әрдайым адамдарға көмектес. Құдай соның қарымын бірнеше есе етіп қайтарады” деп айтқан болатын”, – деген еді.
    3.    Ескі достарын ешқашан ұмытпайды.
Роналду бала кездегі достарымен кездесіп, оларға сыйлық беруді жақсы көреді. Мысалы, бала күнінде ең жақын досы болған Альберто Фантрауға үлкен үй сыйға тартқан. Себебі Фантрау спорт клубына іріктеу кезінде өзі гол соғу мүмкіндігі болғанда, пасын Роналдуға беріп, оған гол соқтырған. Сол гол Роналдудың Спортинг клубына қабылдануына, кейін әлемдік жұлдыз болуына себепші болған.
    4.    Отбасына өте қатты қамқор.
Даңқ, миллиондаған жанкүйер мен үлкен байлық Роналдудың басты құндылықтарын өзгертпеген. Ол үшін отбасы – ең қымбат нәрсе. Роналду үнемі отбасымен бірге уақыт өткізуді ұнатады және олар үшін бәріне дайын.
    5. Өзін мазақ қыла алады.
Криштиану Роналдуда әзіл сезімі жоғары. Мадрид көшелерінде ол бірде қаңғыбас кейпінде сағаттап көңіл көтерді. Ол әйелдерден телефон нөмірін сұрап, әр адамға барып қалжыңдаған. Оны ешкім танымаған сол сәттер Роналдуға үлкен қуаныш сыйлаған.
    6. Ол ақша үшін емес, футболды жақсы көргендіктен ойнайды.
Криштиану Роналду футболды қатты жақсы көргені соншалық, жалақы төленбесе де ойнай берер еді. Чемпиондар лигасында жеңіп алған 500 мың еуро сыйақысын қайырымдылыққа жұмсаған.
    7. Эмоциясын жасырудан ұялмайды.
Мықты, қайратты жігіт болса да, Роналду жиі ренжіп немесе жылайды. Адамдардың алдында, алаңда, қай жерде болмасын эмоциясын жасырмайды. Қуанса – қуанып, жыласа – жылайтыны анық көрініп тұрады.
    8. Кез келген адамға көмектесуге дайын
Қарсылас команда ойыншысы жарақат алса, оған көмектеседі. Ол жеңіске жетіп, қарсылас команда ойыншысын жарыстан шығарып тастаса да, оны сүйеп жүріп алаңнан алып шығады. Жеңсе де, жеңілсе де басқаларға көмектесуден аянбайды.

Автор: Еуразия Ұлттық Университетінің 3-курс студенті Өнер Айболат.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров