Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналдудың ұлы Португалия құрамасы сапындағы алғашқы кубогын жеңіп алды

05.11.2025, 21:40

Криштиану Роналдудың ұлы — Криштиану Джуниор Португалияның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына Федерация кубогын жеңіп алуға көмектесті. Финалда португалдар Англияны 2:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Жарнама
Жарнама

Жас шабуылшының анасы, Роналдудың сүйіктісі Джоржина Родригес Түркияда өткен финалдық матчты трибунадан тамашалап, ұлына жанкүйер болды. Ойын соңында Джуниор анасын құшақтап, трофеймен бірге естелік суретке түсті.

Джоржина Instagram парақшасында:

“Мен ана болғанды жақсы көремін. Үлкен ұлыммен мақтанамын.” — деп жазды.

Криштиану Джуниор Федерация кубогында алғаш рет Португалия U-16 құрамасы сапында алаңға шықты. Алғашқы ойында Түркияға қарсы дебют жасап, кейін Уэльске қарсы матчта алғашқы голын соқты (3:0). Финалда ол екінші таймда алаңға шығып, командасының жеңісін бекітуге атсалысты.

Шешуші ойында “Брага” академиясының ойыншысы Рафаэл Кабрал дубль жасап, Португалияға жеңіс сыйлады.

Жас Роналду әкесінің жолымен жүріп келеді. Бұған дейін ол “Реал Мадрид” пен “Ювентус” академияларында өнер көрсетіп, қазір Сауд Арабиядағы “Әл-Наср” жастар құрамасындаойнап жүр.

Сондай-ақ ол биыл көктемде Хорватияда өткен Влатко Маркович турнирінде Португалия U-15 құрамасына жеңіске жетелеп, финалда екі гол соққан еді.

Криштиану Роналду ұлының болашағына сеніммен қарайды:

“Ол мен сияқты — жеңілісті ұнатпайтын, бәсекеге бейім. Мен оған қатты қысым жасамаймын, бірақ аздап талап бар. Ол — Криштианудың ұлы, сондықтан үлкен қысым бар. Өз қателігін өзі түзеуі керек, мен оның кәсіби футболшы боларына сенімдімін.” — деді Роналду.

Пирс Морганға берген сұхбатында Роналду мансабының аяқталуы жайлы да айтты:

“Жақында. Бірақ мен дайын боламын. Бұл қиын сәт болары анық — жылауым да мүмкін. Бірақ өмірдің басталуы мен соңы бар. Енді өзіме, отбасым мен балаларымды тәрбиелеуге көбірек уақыт бөлгім келеді. Джуниордың жастық шағын дұрыс бағытта өткізуіне көмектескім келеді.” — деді Криш.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров