«Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду енді ғана туылған ұлының қайғылы қазасы туралы хабарлады.
«Баламыздың қайтыс болғанын ауыр қайғымен хабарлауға мәжбүрміз. Бұл кез келген ата-ана сезінетін ең ауыр азап.
Қызымыздың аман-есен дүниеге келуі бізге осы сәтті үмітпен және бақытпен өткізуге күш береді. Дәрігерлер мен медбикелерге барлық көмектері мен қолдаулары үшін алғыс айтамыз. Бұл қаза бәрімізді қатты күйзелтті және осындай қиын уақытта жеке өмірімізге араласпауларыңызды сұраймыз», - деп жазды португалиялық футболшы әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Роналдудың әйелі Джорджина Родригес егіздерді, яғни бір ұл мен бір қызды дүниеге әкелген болатын.
Біздің серіктес: FONBET