Х әлеуметтік желісінің «Scout in Eurasia» аккаунты Дастан Сәтпаевты Криштиану Роналдумен салыстырды.
Танымал аккаунт «Қайраттың» 16 жасар шабуылшысының жаттығуға деген ынта-жігері мен тәртібіне ерекше тәнті.
«Дастан Сәтпаев Криштиану Роналдудың ізімен келеді. «Жаттығуға бірінші келіп, соңғы болып қайт» - бұл ұлылыққа ұмтылғандардың барлығы талпынатын принцип. Дастан мұны жақсы түсінеді, тіпті командалық жаттығудан кейін жеке қалып дайындалады. Клубтың бір қызметкері Дастанның жаттығудан кейін өзінің трекерін беріп жатып «Бұл соңғы рет» дегенін камераға түсіріп алды», - делінген аккаунттың материалында.
Дастан Сәтпаев биыл ҚПЛ-де 19 матчта 8 гол мен 7 ассисттің авторы атанды. Ал ЧЛ-да 5 ойында 3 рет мергендік танытып, 1 нәтижелі пас шығарған болатын.
Біздің серіктес: FONBET