Жарнама
Жарнама

Криштик "Алтын доптың" иегері!

14.01.2014, 07:03
Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналду 2013-жылдың ең үздік футболшысы. Алты миллиярд адамның ішіндегі ең үздік футболшы. Өзінің шын мәнісінде де мықты футболшы екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Оған дауыс бергендер мен оның өнеріне болысатындар үшін бұл өте тамаша жаңалық екендігі сөзсіз. 27 пайыз дауыс жинап ол Леонель Мессиді де, Франк Рибериді де айналып өтті. Ол биылғы жылдың қорытындысы бойынша бәрінен мықты. Оның басты себебі, Криштидің Ұлттық құрама сапында және Реалмен бірге жеткен жетістігінің арқасы. Португалияны желкесінен сүйреп Әлем чемпионатына шығарды. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің рекордын жаңартты. Техника, финт, дриблинг - жалпы футболшыға керекті қасиеттің бәрі бойында бар тұлға. 

Криштиану жайында жазылар әңгіме көп. Аңыз көп. Ал дәл қазір қадірменді Аладоп.кз сайтының оқырмандары назарларыңызға осыдан біраз уақыт бұрын жазылған Роналду жайындағы еркін әдістегі мына бір ой-толғауды оқыңыздар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров