73 жастағы Рой Ходжсон маусым соңында "Кристал Пэластан" кетеді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. Ол "бүркіттердің" бас бапкері ретіндегі соңғы ойынын 23 мамырда "Ливерпульге" қарсы өткізеді. Естеріңізге салайық, Ходжсон "Кристал Пэласты" 2017 жылдың қыркүйегінен бастап жаттықтырды.
"45 жылдан астам уақыт бойы бас бапкер болғаннан кейін мен Премьер-лигадағы жұмысты тастайтын уақыт келді деп шештім, сондықтан алдағы екі матч менің "Кристал Паластағы" соңғы кездесуім болады. Бұл менің өмірімдегі және мансабымдағы жемісті кезең болды. Біз кезекті рет сәтті маусым өткізіп, Премьер-лигадағы орнымызды сақтап қалғандықтан, бас бапкер қызметін босататын кез келді.
Мен мұнда өткізген уақытымнан ләззат алдым. Мен осы төрт жыл бойы кәсіпқой ойыншылармен жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болдым. Бапкердің шеберлігі футболшылардың алаңдағы ойынынан байқалады. Мен оларға ризамын", - деді Ходжсон.
"Кристал Пэлас" Премьер-лиганың турнирлік кестесінде 13-орында тұр. Бүгін, 19 мамырда Ходжсон шәкірттері "Арсеналға" қарсы ойын өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET