Әлем және Еуропа чемпионы Кристиан Карамбе Талғардағы ҚФФ академиясына FIFA Talent Academy мәртебесінің берілуіне қатысты өз пікірін білдірді.
“Шынымды айтсам, қатты әсер алдым. Мұндай деңгейде ұйымдастырылады деп күтпедім. Академия тәрбиеленушілеріне айтарым енді оларда ерекше мүмкіндік бар. Бұл мәртебе мен жасалған жағдайлар үлкен артықшылық. Бұл балаларға болашақта Қазақстандық футболдың элитасында ойнауға жол ашады.
Бірақ бұл үшін олар күн сайын өздеріне талап қойып, шеберліктерін жетілдіруі тиіс. Сондай-ақ балалармен күнделікті жұмыс істейтін мамандарға алғыс айтқым келеді. Олар жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңіріп отыр. Дәл осы FIFA Talent Academy жобасының негізгі мақсаты.” – деді Карeмбy.
ҚФФ
Біздің серіктес: FONBET