Жарнама
Жарнама

Кристофер Нкунку карьерасын Италияда жалғастырмақ

28.08.2025, 16:00

Француз шабуылшысы Кристофер Нкунку "Челсиден" "АС Миланға" ауысады. Бұл туралы беделді журналист Фабрицио Романо және бірқатар сенімді ақпарат көздері хабарлады.

Жарнама
Жарнама

Келісімшарт мерзімі 5 жыл (2025–2030). Трансфер құны шамамен 35 миллион еуро, қосымша бонус төлемдерімен жалпы сома 42 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін.

Екі клуб сөз жүзінде толық келісімге келген. Бүгін құжаттар дайындалып, жақын күндері ресми түрде жарияланбақ.

Нкунку жарақаттардың салдарынан "Челсиде” өзін толықтай көрсете алмады. Ал "Милан” оған жаңа мүмкіндік бермек. Ол команданың негізгі ойыншылардың бірі болады деп күтілуде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров