Ресейлік басылымдар мен спорттық ақпарат көздері "Крылья Советов" пен Магомед Әдиевтің арасындағы ынтымақтастық жақын арада тоқтауы мүмкін екенін жазуда, деп хабарлайды Aladop.kz.
Спорт-Экспресс басылымының мәліметінше, тараптар келесі аптада келісімшартты бұзу мәселесін түпкілікті шешуі ықтимал.
Қазіргі таңда клуб пен бапкер арасындағы келісімді тоқтатуға ешқандай техникалық кедергі жоқ. Алайда, ақпарат көздерінің айтуынша, жалғыз мәселе — Магомед Әдиевтің өз еркімен қызметінен кеткісі келмеуі болуы мүмкін. Егер бапкер мен басшылық ортақ мәмілеге келсе, келесі аптада ресми мәлімдеме жасалмақ.
Айта кетсек, бірнеше күн бұрын Әдиев Астанаға келіп, "Ақтөбе" өкілдерімен кездескен болатын.
Тараптар команданы басқару бойынша алдын ала пікір алмасқанымен, езірге екі жақ нақты бір шешімге келе алған жоқ. Адиев клубты дәл қазір емес, алдағы жазғы маусымнан бастап қабылдау туралы өз ұсынысын білдірген көрінеді.
Біздің серіктес: FONBET