Жарнама
Жарнама

“Құлдыраудан қайта өрлеген клубтың “Реалға” қарсы сын сәті”

02.09.2025, 17:00

Испанияның El Generacional басылымы алдағы “Қайрат” – “Реал Мадрид” ойыны қарсаңында Қазақстандық клубтың тарихына шолу жасады.

Жарнама
Жарнама

Материалда жазылғандай, “Қайрат” 1954 жылы “Локомотив Алма-Ата” атауымен құрылған. Ол кезде Алматы – Қазақ КСР-інің астанасы болатын. Команда Кеңес Одағы чемпионатының жоғарғы лигасында ойнап, 1976 және 1983 жылдары екінші дивизионды жеңіп алған. Кейіннен 24 жыл қатарынан жоғарғы лигада өнер көрсетіп, бұл көрсеткіш Орта Азия клубтары үшін рекорд саналған.

Алайда бәрі бірқалыпты бола бермеді. 2006 жылы клуб ауыр қаржылық дағдарысқа тап болды. Басты демеуші жобаға қолдау көрсетуді тоқтатты, нәтижесінде команда көшбасшы ойыншыларынан айырылды. 2009 жылы клуб өзін банкрот деп жариялап, Бірінші лигаға түсіп қалды. Дегенмен бір жылдан соң қайтадан Премьер лигаға оралып, қазіргі таңда үздіктер қатарында келеді.

2012 жылдан бастап “Қайрат” белсенді түрде легионерлерді шақыра бастады. Осылайша команда біртіндеп күшейіп, Қазақстандық футболда өз беделін арттырды. Бүгінде клубтың 24 мың орындық стадионы бар, ал құрамында бірқатар Бразилиялық футболшылар ойнайды.

Сонымен қатар, клуб академиясы да жоғары деңгейлі ойыншыларды тәрбиелей бастады. Соның жарқын мысалы жақын арада “Челсиге” ауысатын Дастан Сатпаев. Академия жаңа таланттарды шығарудың негізгі көзіне айналуы тиіс. Германия мамандарымен әріптестік орнатып, жаттығу әдістемелері еуропалық стандарттарға бейімделді.

Испан басылымының жазуынша, “Қайрат” әлемдік деңгейдегі гранд саналмаса да, жүйелі жұмыс пен жаңғырудың арқасында бүгінгі күнде Қазақстан футболының басты символдарының біріне айналды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров