Жарнама
Жарнама

Құралбек Ордабаев: “Еуропалық додалар "Қайрат" ойыншыларының мінезін шыңдады”

Бүгін, 08:38

"Қайраттың" бұрынғы аңыз қақпашысы Құралбек Ордабаев Алматылық клубтың Еурокубок жолындағы тәжірибесі мен жас футболшылардың өсуі туралы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Оның пікірінше, халықаралық деңгейдегі тартысты матчтар команданың ішкі рухын мүлдем жаңа деңгейге көтерген.

Күмәнді жеңген сенім

Құралбек Ордабаев Фин клубынан ұтылған кезді еске ала отырып, команданың өз үйіндегі ойынға деген ерекше дайындығын атап өтті.

"Финляндиядағы сырт алаңда 2:0 есебімен жеңілгеніміз есімде. Бірақ менде өз үйімізде қарымта қайтаратынымызға нық сенім болды. Футболшыларымыздың бойынан ерекше жігер байқадым. Олар Апорттың иісін, Чемпиондар лигасының демін сезінгендей болды.”  — дейді ол.

"Астана-Аренадағы” мығым қорғаныс

Ордабаевтың айтуынша, іріктеу кезеңіндегі өз алаңында өткен үш ойынның маңызы зор болды. Толы стадионның алдында бірде-бір гол жібермеу — команданың қорғанысы мен қақпашылар шеберлігінің көрсеткіші.

"Қазір "Қайрат" ойыншыларының әрекетінен тактикалық шеберліктің артқанын көріп отырмын. Еуропа оларға үлкен мектеп болды — жігіттер психологиялық тұрғыдан мықты болып, кез келген қарсыласпен тайсалмай ойнайтын деңгейге жетті." — деп түйіндеді сөзін футболшы Sports24.kz сайтына берген сұхбатында. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров