Павлодарлық "Ертіс" клубының бас бапкері Кирилл Альшевский жаңа маусым қарсаңында команданың дайындығы мен жасақталу барысы туралы өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бес дүркін ел чемпионының Қазақстан Премьер лигасына оралуы қарсаңындағы бапкердің айтуынша, қазіргі таңда клубтың жаңа маусымға дайындығы тек орта жолға келген.
"Команда шамамен 50 пайызға ғана жасақталды. Қалған позициялар бойынша жұмыстар әлі де жалғасуда.” — деді Альшевский Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Бапкер нақты қай позицияларға ойыншы іздеп жатқандарын ашып айтпады. Ол мұны ішкі клубтық этикамен және келіссөздердің құпиялығымен түсіндірді.
Альшевский қай шептің ақсап тұрғанын айту әдептілікке жатпайтынын жеткізді. Дегенмен, маман команданың сапасын арттыру үшін жаңа трансферлердің ауадай қажет екенін баса айтты.
Біздің серіктес: FONBET