Жарнама
Жарнама

Құрама мен Әлиевтің арасында қандай мәселе? Біраз футболшы ұлттық командаға келуден бас тартуда

05.06.2025, 12:57

Сонымен, Әли Әлиев толыққанды бас бапкер ретінде ертең Қазақстанды Минскідегі жолдастық матчта бастап шығады.

Әли Әлиев
Жарнама
Жарнама

Бақылау бәсекесі десек те Беларуське қарсы бұл кездесудің біраз маңызы бар. Оның ең бастысы - Солтүстік Македониядай азулы қарсыластың алдындағы қауқарымызды байқап, шамамызды бағамдаймыз.

Бірден айту керек, алдағы қос ойын алдында, әсіресе македониялықтарға қарсы кездесу қарсаңыдағы Қазақстанның құрамы алаңдатады. Бақтиер Зайнутдиновқа сенім арта алмайтынымыз о бастан-ақ белгілі болса, Айбар Жақсылықов, Роман Асранқұлов пен Абат Айымбетовтің қатардан шығып қалуы кәдімгідей проблема болуда. Әсіресе, шабуыл өтіндегі қос футболшының орны ойсырап тұр. Қысқасы, Әли Әлиевтің біраз әбігерге түсетіні анық.

Ұлттық құрама ішіндегі ситуацияға жақын дереккөздің мәлімдеуінше, қазір ондағы көңіл-күй керемет емес екен. Дәлірек айтқанда, кей футболшылар қазіргі жаттықтырушының қоластында доп тепкісі келмейтінге ұқсайды. Мәселен, алдағы екі матчтың негізгі тізімінен жарақатына байланысты тыс қалды делінген Рамазан Оразовтың өзі де құрама жейдесінде доп тебуге қатты құлықты емес дейді. Ал Абат Айымбетов тіпті құрама өкілдерінің соңғы қоңырауына жауап бермеген көрінеді. Енді мұның астарында не жатыр? Әли Ханәліұлы мен қазақстандық футболшылардың арасына не түсті? Бас бапкер футболшылардың тілін таба алмай жүр ме жоқ мұның басқа да бір себебі бар ма?

Тағы бір түсініксіз жағдай - іріктеудегі ең маңызды ойынның бірі, Солтүстік Македонияның алдында Беларусьпен сырт алаңда жолығудың қаншалықты қажеттілігі бар еді? Онсыз да кадрлық қиындықтары жетіп артылатын команданы зорықтырып алмай ма? Жолдың машақаты, уакыт белдеуі дегендей. Бұған тағы Беларусьтің қауіпті аймақ елдерінің қатарына жатқызылатынын да қосуға болады. Баспасөз-мәслихатында бас бапкер македониялықтардың алдында бұл бәсекенің маңызын айтып, УЕФА-ның талабына да тоқталған ( Қауымдастық мүшелігіндегі елдер жылына екі жолдастық кездесу өткізуге міндеттеледі). Жарайды, мейлі талаптар делік, ал бірақ асықпай Беларусьпен сол Солтсүтік Македониядан кейін де кездесуге болмайтын ба еді?

Ал енді осындай факторлардың фонында Қазақстаннан не күтуге болады? Мойындайықшы, македониялықтарға қарсы халіміз өте мүшкіл. Біріншіден - онда біздегідей кадрлық тапшылық жоқ. Футболшыларының басым бөлігі Италия, Испания, Бельгия сияқты үздік лигаларда ойнайды. Қысқасы, белді футболшылары қатардан шығып, микроклиматы ақсап тұрған ұлттық команда қазір өте қиын ситуацияда!..             

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров