Жарнама
Жарнама

Қуан Қызылорда! 11 мың жанкүйерге арналған халықаралық деңгейдегі стадион есігін айқара ашпақ

16.09.2025, 12:40

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Орталық стадионның құрылыс барысын тексеріп, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.

Жарнама
Жарнама

11 мың көрерменге арналған жаңа спорттық нысан заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, УЕФА талаптарына сай салынған. Жалпы аумағы – 20 мың шаршы метр. Стадион тек футбол матчтарын ғана емес, түрлі спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік береді.

Кешен құрамында:

 

  • футбол алаңы,
  • бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес залдары,
  • фитнес, спорттық гимнастика, таэквондо, ауыр атлетикаға арналған жаттығу орындары бар.

 

Стадион ғимараты үш қабаттан тұрады:

  • 1-қабатта – жаттығу залдары,
  • 2-қабатта – әкімшілік бөлмелер,
  • 3-қабатта – спортшыларға арналған бөлмелер мен оқу-жаттығу жиындарын өткізу орындары.

Бұл нысанның ерекшелігі – халықаралық деңгейдегі жарыстарды қабылдауға толық мүмкіндік беруінде. Енді Қызылордалық жанкүйерлер әлемдік деңгейдегі спорт додаларын өз қаласында тамашалай алады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров