Қазақстандық танымал спортшы Қуат Хамитов “Қайратты” қолдамайтынын ашық мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл клуб пен жалпы ел спортының қазіргі жүйесі мемлекетке пайда емес, зиян әкеліп отыр.
Namys Fighting YouTube арнасына берген сұхбатында Қуат Хамитов “Қайраттың” табысына қуанып жүргендерді “ақымақтар” деп атады. Ол өз көзқарасын елдегі спортқа бөлінетін қаржының тиімді жұмсалмауымен түсіндірді:
“Қайратқа” және жалпы Қазақстандық спортқа мемлекеттік қаржыландыруды мүлде тоқтатайық. Егер олар 5–10 жылдан кейін өз күшімен көтеріліп, “Реал Мадридпен” ойнайтындай деңгейге жетсе — мен бірінші болып барып, оларды қолдаймын. Бірақ әзірге қолдай алмаймын. Өйткені олар пайда емес, зиян әкелді.” — деді Хамитов.
Хамитов ел тәуелсіздік алғаннан бері спортқа құйылған миллиардтаған қаржының нәтижесі күмәнді екенін айтты. Оның ойынша, сол қаражат тиімді жұмсалса, Қазақстан бүгінде әлдеқайда дамыған елге айналар еді:
“30 жыл бойы УЕФА құрамындамыз, бірақ сол уақыт ішінде он Дубай салуға болатын еді. Сол ақшамен зауыттар ашылып, жұмыс орындары көбейер еді. Қазір болса кедейлер, қарттар, балалар мен аналар көшені сыпырып жүр. Бұл ұят жағдай.” — деді ол ашық.
Қуат Хамитов сондай-ақ елде футбол инфрақұрылымы мен стадиондардың жоқтығын сынға алды. Оның айтуынша, ел спорты көп жағдайда сыртқы көрініс үшін ғана жұмыс істейді:
“30 жылда елде не ұйымдастырылды? Не стадион, не жүйе жоқ. Ал кейін “Қайрат” шығып, “Реал Мадридпен” ойнады деп қуанамыз. Неге қуанамыз? Бұл — ақымақтық. Оған тек ойланбайтын адамдар ғана қуанады.” — деді спортшы.
Біздің серіктес: FONBET