Жарнама
Жарнама

Қуат Хамитов: Қазақстанда футбол шілденің қары сияқты

19.11.2025, 10:52

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Қазақстан құрамасын тағы сынға алды.

Фарер аралдары - Қазақстан кездесуі
Жарнама
Жарнама

Танымал спортшы ұлттық команданың Фарер аралдарынан жеңіліс тапқанынан кейін біраз ашуға мініп, пікірін жазған еді. Хамитов өзінің Instagram-аккаунтында матчтан кейінгі әсерімен бөлісіп, ортаға ой тастады.  

«Біздің футбол шілденің қарына ұқсайды, барлығы оны бар дейді, бірақ ешкім көре алмайды», - деп жазды Қ. Хамитов өзінің әлеуметтік парақшасында.  

Кеше Талғат Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан Фарер аралдарымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Бұл бәсекеде бапкерлік құрам негізгі орындаушылардың біразын демалтып, жас футболшыларға мүмкіндік беруді жөн көрген еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров