Қостанайлық "Тобыл" биылғы маусым алдындағы құрамын Беларусь құрамасының ойыншысымен күшейтпек, деп хабарлайды Aladop.kz.
Мәліметтерге сүйенсек, 25 жастағы жартылай қорғаушы Максим Мякиш қазіргі таңда команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келіп үлгерген.
Мякиш бұған дейін Минскінің "Динамо" клубында өнер көрсетті. Ол өткен маусымда 36 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
Футболшының мансабындағы айтулы оқиға 2025 жылдың қыркүйегінде болды. Ол Беларусь ұлттық құрамасы сапында алғашқы ойынын өткізіп, халықаралық деңгейдегі тәжірибесін бастады.
Біздің серіктес: FONBET