Жарнама
Жарнама

Куман: «Барселонаны» баптау арманым

08.06.2020, 07:02
Келісім-щартының ішінде бар екен ғой.
Жарнама
Жарнама

Рональд Куман "Гол.ком" сайтына берген сұқбатында: - Елдің бәрі менің "Барселонаны" баптауды армандайтынымды біледі. Қазір Нидерланды құрамасындағы жұмысымды көп ойлаймын. Дегенімен, Еуро додасынан соң мен құрамадан бас тартып, өз еркіммен кете аламын. Түбі "Барселонаны" баптайтын шығармын. Ол үшін зор тәжірибие керек" - деп айтты.

Бір қызығы Куманның құрамамен жасаған келісімінің ішінде мынандай тарау бар екен. "Егер "Барселона" клубынан ұсыныс түссе Р.Куман құрама командадан кете алады" делініпті. Демек, голландиялық маман шынымен де "Барсаға" оралуды жөн санайды деген сөз. Ол футболшы болған шағында 1989-1995 жылдар аралығында "Барселона" намысын қорғаған. Ал 1998-2000 жылдар аралығында бас бапкердің ассистенті болып қызмет атқарды.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров