«Барселона» президенті Хосеп Бартомеу клуб жақын уақытта Рональд Куманды бас бапкер етіп тағайындауы мүмкін екенін растады.
«Барлығы ойдағыдай болса, Куман "Барселонаның" жаттықтырушысы болады. Біз оның футболға деген көзқарасымен таныс болдық.
Месси мансабын "Барсада" аяқтағысы келетінін бірнеше рет айтқан. Куман бізге Месси - оның жобасының тірегі екенін айтты. Мессидің 2021 жылға дейін келісімшарты бар. Оның Лиссабоннан көңілі қалғанына қарамастан, біз жаңа жоба бойынша жұмыс істейтін боламыз. Месси әлі де әлемдегі ең жақсы ойыншы және ол бізбен бірге», - деді Бартомеу
«Барселона» Куманды алу үшін Голландия футбол федерациясына 4-5 миллион еуро төлеуге мәжбүр болды деп хабарланды. Бұл сома Нидерланды құрамасымен келісімшартты бұзғаны үшін төленеді.
Естеріңізге сала кетейік, Кике Сетьен қызметінен кеткен соң, «Барселона» бас бапкерсіз қалды. Сонымен қатар, клуб спорт директоры Эрик Абидалмен де келісімшартты мерзімінен бұрын бұзды. Басты себеп - «Барселона» өткен маусымда бірде-бір кубок жеңіп алмады.
Футболшы ретіндегі мансабында Куман 1989 жылдан 1995 жылға дейін "Барселонаның" намысын қорғады. Ол төрт рет Испания чемпионатын, үш рет елдің Суперкубогын, Испания Кубогын, Еуропа Кубогын (Чемпиондар Лигасының алдындағы) және УЕФА Суперкубогын жеңіп алған. Куман 2000 жылы "Витессте" тәуелсіз бапкерлік мансабын бастағанға дейін "Барселонада" бапкердің көмекшісі ретінде жұмыс істеген.
Сонымен қатар ол "Аякс", "Бенфика", "ПСВ", "Валенсия", "АЗ Алкмар", "Фейеноорд", "Саутгемптон" және "Эвертонды" жаттықтырды. Бапкер ретінде ол үш рет Эредивизияны жеңіп алды, Голландия Кубогы мен Суперкубогын, Португалия Суперкубогын және Испания Кубогының иегері атанды.
Біздің серіктес: FONBET