Финляндиялық «КуПС» командасының бас бапкері Ярко Висс ЧЛ 2-іріктеу кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы қарымта кездесу жайлы пікірін айтып, командасының дайындығына тоқталды.
Командалар арасындағы бірінші бәсекеде Куопио қаласының клубы 2:0 есебімен басым түскен болатын. Жауап ойын бүгін 20:00-де басталады.
«Толықтай дайынбыз әрі матчтың басталуын тағатсыздана күтеміз. Қазір тек соңғы дайындықты пысықтасақ болды, ойынға дайынбыз. Демалыста «Қайрат» сырт алаңда кездесу өткізген, қолда бар ақпаратты толықтыра түсу үшін біз соны қосымша талдаймыз. Команданың көңіл-күйі керемет, футболшылардың бар ойы бәсекеде. Сенімділік қажетті деңгейде. Мұндағы ең қиыны – ұшып келу болатын, бірақ оның бәрі артта қалды. Енді біз діттеген жерімізге жетіп алдық, дайындығымыздың соңғы нүктесін қойып, матчтың басталуын тағатсыз күтудеміз. Барлығы әдеттегі жоспарға сай», - деді Я. Висс.
2-іріктеу кезеңінде ұтылған клуб Еуропа Лигасының 3-іріктеуінде бақ сынайды. Ал басым түскені «Слован» Братислава – «Зриньский» жұбының жеңімпазымен жолығады. Ондағы бірінші ойында Словакия чемпионы 4:0-мен жеңіске жеткен болатын.
Біздің серіктес: FONBET