Жарнама
Жарнама

Кварацхелия – 2020 жылғы Грузияның үздік ойыншысы. Ал Канкава үшінші орында

29.12.2020, 21:29
Грузияның жыл үздкітері анықталды.
Жарнама
Жарнама

”Рубиннің” 19 жасар жартылай қорғаушысы Хвича Кварацхелия Грузияның 2020 жылғы ең үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Грузия футбол федерациясы.

Хвича дауыс беру қорытындысы бойынша донецкілік “Шахтердің” ойыншысы Давит Хочолава мен қостанайлық “Тобылдың” футболшысы Джаба Канкаваны қапы қалдырды. Канкава 2019 жылы осы марапатқа ие болған еді.

Үздіктерді Грузия құрамасының ойыншылары, ішкі чемпионат командаларының капитандары мен бас бапкерлері және БАҚ өкілдері мен Грузия футболының ардагерлері таңдады.

Хвича ағымдағы маусымда 16 ойын өткізіп, екі гол соғып, бес рет нәтижелі пас берген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров