Кварацхелияға "Барселона" мен "ПСЖ" құда түспекші

26.02.2024, 21:32

Бұл туралы грузиялық футболшының агенті мәлімдеді. Мамука Джугелияның айтуынша, "Наполидің" футболшысына қызығушылық танытқан еуропалық клуб жетіп артылады.   

"Барселона" мен "ПСЖ"? Әрине, Хвичаға қатысты топ клубтардан ұсыныс көп. Ұсыныс қалай болмайды? Хвичаға қараңыздаршы. Қалай боларын мамырда көреміз,  - деді Кварацхелияның агенті. 

Айта кетейік, грузиялық футболшы осы маусымда 33 ойынға қатысқан." Наполи" жартылай қорғаушысы 6 рет мергендік танытып, 5 голдық пас берген. Нарықтағы бағасы 80 млн еуро. Хвича Кварацхелияның келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін.