Квинси Промес Дубайдың алты камералық түрмесіне тоғытылды

30.03.2024, 03:13

Нидерландылық футболшы Біріккен Араб Әмірлігінің түрмесіне қамалды. Оның қасында шамамен 15-20 адамның жатқаны белгілі болды.

Дені Пәкістан, Үндістан мен Мысыр елінің азаматтары деген ақпарат бар. Бас бостандығынан айрылғандар бетон полда жатыр дейді ақпарат көзі.
Айта кетейік, Мәскеулік "Спартактың" футболшысына есірткі саудасы мен адамға суық қару кезену фактілері бойынша айып тағылған болатын. Нидерланды елінің Прокуратурасы футболшыны экстрадициялауды талап еткені мәлім. Ал Ресейлік клуб Промеске қатысты бейтарап позициясын ұстанып отыр.