Ресейдің “Уфа” футбол клубы ерекше әдіске жүгінді. Ойыншылар енді матч алдында қымыз ішіп жүр. Бұл туралы клубтың бас директоры мәлімдеді.
Идея шабуылшы Уильямс Чимезидің тәжірибесінен кейін пайда болған. Ол ұзаққа созылған голсыз сериясын дәл қымыз ішкеннен кейін үзген. Осыдан кейін бүкіл команда қазақтың ұлттық сусынын қолдана бастады.
Қымыз дәстүрлі түрде сергітетін әрі қуат беретін сусын ретінде белгілі. Енді оның пайдасын футболшылар да сезінуде.
Қазіргі таңда “Уфа” Бірінші лигада тоғыз турдан кейін небәрі 9 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орында тұр. Соңғы үш ойында команда бір жеңіс, бір тең ойын және бір жеңіліс тіркеді.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, клуб басшылығы қымызды команданың рухани символына айналдыруды да ойластырып жатыр.
Біздің серіктес: FONBET