Премьер-лиганың 23-турдағы басты матчын өзге мемлекеттен келген төреші басқармақ.
Ташкентте өткен CAFA Nations Cup турнирінің Өзбекстан мен Иранға қарсы финалдық кездесуінде төреші болған Абдикадыров Нурзатбек “Қайрат” - “Ақтөбе” матчында ресми өкіл ретінде қызмет жасайды.
Азия Конфедерациясынан арнайылатып ішкі чемпионаттың ойындарын басқару үшін маман шақырту тәжірибесі ел футболы тарихында алғаш рет орын алғалы отыр.
Бұған дейін Премьер-лиганың барлық кездесулерінде нұқыл отандық төрешілер қызмет атқарды. Төрешілерге байланысты Федерация осы уақытқа шейін тек бір ғана өзгеріс енгізді. Ол ерлер бәсекесін бақылауға әйел арбитрын тағайындау. Әңгіме Эльвира Нұрмұстафина жайында.
Еске салайық, ішкі чемпионаттың “Қайрат” - “Ақтөбе” кездесуі 14 қыркүйек күні сағат 17:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET