24 жастағы Гүлжігіт Алықұлов мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін.
Қырғызстан ұлттық құрамасының мәскеулік “Торпедо” клубындағы келісім шарты аяқталды. Жалпы қаптал вингері ФНЛ ұжымында жылдың басынан бері 20 ойын өткізіп, 1 гол соқты.
Кей деректерге сенсек, Гүлжігітке “Ақтөбе” командасы кәдімгідей қызығушылық білдіруде екен. Сол себепті Алықұловтың Қазақстан чемпионатына қайтып оралуын көріп қалуымыз мүмкін.
Еске салсақ, 2020 жылы 24 жастағы вингер алматылық “Қайраттың” намысын қорғаған болатын. Барлық турнирлерде жалпы алғанда “сары-қаралар” жейдесінде 99 матч өткізген Жиганың, ел чемпионаты мен Кубогын жеңіп алды деген атағы бар.
Қайрат пен Торпедодан бөлек, Гүлжігіт өз мансабында беларустық “Неман”, қырғызстандық “Қара-Балта”, “Дордой” мен “Алға” клубтарында өнер көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET