Қарағанды облысында дүниеге келген Неміс маманы Вилли Кронхардт Қырғызстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымына үміткер ретінде қарастырылып жатыр.
Футбол сарапшыларының айтуынша, Кронхардт — тәжірибесі мол және кең ауқымды байланыстары бар маман. Ол Германияның 3–5-дивизион командаларында жұмыс істеп, "Айнтрахт” клубымен бірге біраз жетістіктерге жеткен. Кейін Судан чемпионатында еңбек етіп, ел ішіндегі барлық мүмкін жүлделерді жеңіп алған.
Бапкердің карьерасындағы тағы бір маңызды тұс — скауттық бағыттағы қызметі. Вилли Кронхардт "Кельн", "Герта", "Дармштадт" және қазір жұмыс істеп жүрген "Лейпциг" клубтарының скауттық бөлімін басқарған. Бұған қоса, ол бір кездері Мәскеудің "Локомотивінде” де скауттық қызмет атқарған.
Дереккөздердің айтуынша, дәл осы Кронхардт кезінде Хвича Кварацхелияны "Рубинге” сатуға қарсы болған, бірақ оның пікірі ескерілмеген.
Неміс басылымдары оны таланттардың аңшысы деп жиі атайды. Ал әлеуметтік желі қолданушылары әзілдеп, сырт келбетімен Клоппқа ұқсайды деп пікір білдірген.
Біздің серіктес: FONBET