Александр Бауэр қырғыз жастарының ойынын қойып бере алмады.
"Ақ сұңқарлардың" U17 командасы Азия Кубогынде сенсациялық тұрғыда Йемен мен Пакистанға жеңіліп тыңды. Соның кесірінен топтан шыға алмай қалды.
Қырғыз футбол Федерациясы осындай нәтижеден кейін аустриялық Александр Бауэрді қызметінен жедел түрде алып тастады. Алайда жергілікті жанкүйерлердің өзі Қырғызстанның U17 командасы ел тарихындағы ең әлсіз ұжым екенін ашық айтып отыр. Олар командаға Гвардиола сынды жаттықтырушыны әкелсе де, көрсеткіш болмайтынын тілге тиек етті.
Көршілес елде шыныменде Жастар футболы мәселесі толық шешімін таппауда. Мәселен, Қырғызстанның U23 командасы өзінен екі жас кіші Ресей жастарына 8:0 есебімен жеңілді. Оған дейін де команда Сирия, Индонезия, Солтүстік Корея сынды әлемдік рейтингте төменгі елдерден ұтылған болатын. Бірақ әзірге U23 ұжымының бапкері Александр Бауэр секілді қызметінен кете қоймады.
Біздің серіктес: FONBET