Жарнама
Жарнама

“Қызыл Сойқандар” аямады. Ұлттық құрама Брюссельде күйреді….

08.09.2025, 10:30

Ресейлік "Футбол на Куличках" басылымы Қазақстан құрамасының Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылған кездесуін талдап, өз көзқарасын білдірді.

Жарнама
Жарнама

Басылымның жазуынша, Қазақстан Бельгияға қарсы ойында сенсация жасауға мүлдем жақындай алмады. Бұл қарсыласпен өткен соңғы бес ойында Қазақстандықтар тек жеңіліс көріп отыр. Соның ішінде ең ірісі Брюссельдегі осы матч болды.

"Ойынның басынан бастап Бельгиялықтар толық үстемдік орнатып, қонақтарды өз алаңына қысып тастады. Дегенмен, Қазақстан құрама командасы қорғаныста шегіне жатып, біраз уақытқа дейін айқын голдық мүмкіндіктерге жол бермеді. Алайда тайм соңында Кевин Де Брюйне соққан гол барлық жоспарды бұзды. Бұдан кейін бір минут өтпей, тағы бір доп Қазақстандықтардың қақпасына енді. Осы сәттен кейін ойыншылар сенімін жоғалтып, матчты құтқаруға деген үміт сөніп қалғандай болды.

Ойынның екінші жартысында Бельгия алаңда еркін қимылдап, кей сәттерде тіпті салғырт ойнағандай әсер қалдырды. Соған қарамастан Қазақстанның шабуылға шығу әрекеттері қарсы соққыларға әкеліп, нәтижесінде 6:0 есебі тіркелді. Бұл есеп тым ауыр көрінгенімен, Бельгияның басымдығы соншалық айырмашылық әділетсіз деуге келмейді." – деп жазады Ресейлік басылым.

Бұл сәтсіздіктен кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қызметінен кететінін жариялады. Оның жетекшілігімен құрама 5 ойында тек 3 ұпай ғана жинады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров