Еуропа футболындағы жас жұлдыздарға деген қызығушылық күн санап артып келеді. Соңғы кездері назар ортасында — "Ювентустың" жартылай шабуылшысы Кенан Йылдыз. 20 жастағы түрік талантына енді Англияның әйгілі "Манчестер Юнайтед" көз тігіп отыр.
БАҚ мәліметінше, “Қызыл сойқандар” Йылдызды алу үшін 90 миллион еуроға дейін ұсыныс жасауға дайын. Мұндай көлемдегі қаржы Туриндік клуб басшылығын қатты ойландырары анық, себебі соңғы айларда Кенан команда шабуылының негізгі тірегіне айналған болатын.
Бұған дейін Йылдызға "Челси", "Арсенал” және "Барселона” секілді алып клубтар да қызығушылық білдірген. Алайда "Юнайтедтің” қазіргі ұсынысы олардың бәрінен асып түсіп отыр.
Биылғы маусымда Түрік ойыншысы 12 матч өткізіп, 5 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Бұл көрсеткіштер оның шабуылдағы тиімділігін айқын дәлелдейді. Сол себепті Еуропаның көптеген скауттары Йылдыздың ойынын мұқият бақылауда.
"Ювентус” әзірге асығыстық танытпай, ұсынысты жан-жақты қарастырып жатыр. Клуб басшылығы оның жасы, әлеуеті және жанкүйерлер арасындағы беделін ескере отырып шешім қабылдамақ. Дегенмен, 90 миллион еуролық ұсыныстан бас тарту оңай болмайтыны анық.
Біздің серіктес: FONBET