Жарнама
Жарнама

«Қызыл сойқандардың» бастамасы жаман емес

Жаңа бапкермен «Лестердің» қақпағын қайырып жіберді.

Жарнама
Жарнама

ЖАҢА БАПКЕР

«МЮ» басшылығы соңғы ойын нәтижелеріне байланысты Эрик тен Хаагты қызметінен босатқан еді. Оның орнын суытпай Рубен Аморим «МЮ» командасының бас бапкері атанды. «Спортинг» ресми мәлімдеме жасап, «МЮ» басшылығымен келісімге келгенін жеткізген. «Қызыл сойқандар» 39 жастағы маман үшін 10млн еуро көлемінде өтемақы төлейді. Міне, осылай керемет мәлімдеме жасап, бұл тоқыраудан команданы шығарып алудың алғашқы қадамын жасады. 

ЖАҢА ҚАДАМ

«Манчестер Юнайтед» Эрик тен Хагсыз әдемі ойын өрнегін көрсетіп жатыр. Лига кубогының 1/8 финалында «Лестерді» айқын басымдықпен жеңді. Жаңа тағайындалған бапкердің алғашқы қадамы сәтті болды. Бұл ойында Каземиро мен Бруно дубль авторы атанды. Ал, Гарначо бір нәтижелі пас беріп, бір голды қарсылас қақпасына тоғытты. Осылайша, келесі кезеңге жолдама алды. Ендігі қарсыласы «Тоттенхэм». Сәттілік тілейміз. Команданың ендігі жағдайы не болар екен?

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров