Милич Чурчич «Қызыл-Жармен» жаман ойын көрсетіп жүрген жоқ.
Петропавлдық ұжымның нәтижелері де тәуір - 16 кездесуден кейін 19 ұпай олжалап, турнирлік кестеде тоғызыншы сатыға орналасуда. Бірінші айналымда «Қызыл-Жар» сырт алаңда «мұнайшылардан» басым түсті 2:1. Бүгін де сол сценарий қайталана ма? Бірақ, алаң иелерінің соңғы кездегі нәтижелері көңіл көншітпейді: соңғы бес ойында бір рет қана жеңіске жете алыпты. Десе де, соның ішінде үш ойында қарсыластарымен тең тарқасқан болатын.
Атыраулық клуб соңғы бес матч гол соға алмай келеді. Виталий Жуковский мен біраз футболшылары қайтып оралды. Бірақ, нәтиже әзірше асығар емес. Маусым басынан 5-ақ ұпай еншілеген «мұнайшылар» жағдайды дереу арада түземесе, премьер-лигада қалудың ешқандай мүмкіндігі сақталмай барады. Беларусь бапкері осы міндетпен келді, енді соны орындауға кірісуі тиіс. Өткен турда «Ақтөбеден» ұтылған, ал оның алдында «Оқжетпеспен» ұпай бөлісті.
Бұл матчта екі команда да голсыз кетпейді деп болжап отырмыз. Сіздер де солай ойласаңыздар, Fonbet.kz-тің 2.00 коэффициентін пайдалануға мүмкіндік бар.
Біздің серіктес: FONBET