Жарнама
Жарнама

Қызыл-Жар» бас бапкері: мен «Қызылжарда» Ресейден келген ойыншыларды көргім келеді...

30.04.2025, 15:40

Петропавлдық клуб бас бапкері Милич Чурчич команда құрамы мен мақсат-міндеттері жайлы ой-пікірін айтты.

Милич Чурчич
Жарнама
Жарнама

Сербиялық маманның пікірін @candidate_kairov телеграмм-арнасы жариялаған болатын.

«Мен командамен енді ғана жұмыс істей бастадым. Екі жеңіспен бастағанымыз көңіл қуантады. Бұл нәтижелер бізге ауадай қажет болды, өйткені команда турнирлік кестенің төменгі жағында жүрді. Психологиялық тұрғыдан алғанда, бұл біз үшін өте жақсы, әсіресе бірінші матчта жеңіске жеткеніміз, өйткені «Қызыл-Жар» 18 жыл бойы «Атырауды» сырт алаңда ұтпаған екен. Ол ойында біз жеңіс голын соңғы минутта соқтық. Футболшылар соңына дейін өздеріне сенді. Бұл бастамасы ғана. Біз селекцияға қатысты жоспарлармен таныс болдық. Маусым-шілде айына дейін осы құрамды сақтап қаламыз, ал содан кейін көре жатармыз. Мен «Қызылжарда» Ресейден келген ойыншыларды көргім келеді, оларда қазақтар сияқты менталитет бар, бұл жаққа өте тез бейімделеді, - деді клубтың бас бапкері Милич Чурчич.

Естеріңізде болса, Петропавлдық клубты маусымға дайындаған Александр Бразевич орнынан кетіп, таяуда Милич Чурчич тізгін ұстаған болатын. Сербиялық бапкер жаттықтырған екі ойында қызылжарлықтар «Атырау» мен «Қайсардан» басым түсті. Қазір турнирлік кестеде 8 ұпаймен 6-орынға жайғасқан. Келесі кездесуін Милич Чурчич шәкірттері 4-мамырда сырт алаңда «Тобылға» қарсы өткізбек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров