Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» соңғы секундта жеңісті жұлып алды

10.05.2025, 17:14

Петропавлдық клуб ҚПЛ-дің сегізінші турында «Ұлытауды» қабылдаған.

«Қызыл-Жар» - «Ұлытау» кездесуі
Жарнама
Жарнама

Милич Чурчич командасы матчты белсенді бастады. Нәтижесінде Мартинович 12-минутта есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Кездесудің екінші жартысында Вачиберадзе таразы басын теңестіріп, жезқазғандық жанкүйерлерді бір желпінткен. Алайда, «Қызыл-Жар» ойынның қосымша минуттарында ақыры өз дегеніне жетіп тынды. Жеңісті голдың авторы Сенин Себай 90+3 минут. 

Петропавлдық ұжым осы жеңістің арқасында ұпай санын 11-ге жеткізді. Команда әзірше тоғызыншы сатыда. Ал «Ұлытау» 2 ұпаймен ең соңғы орында келеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров