Бахтияр Артаев "Қайсар" футбол клубының жаңа маусымға қойылған міндеттері мен бюджеттік өзгерістері туралы айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Артаевтың мәлімдеуінше, клубтың бюджеті қысқартылып, бұрынғы 1,2 млрд теңге орнына 900 млн теңге болып бекітілген. Бұл шешім облыс әкімінің шешімімен қабылданған. Мемлекет үлесі – 49%, ал жекеменшік сектор үлесі – 51%, келісімнің мерзімі – 5 жыл.
Клубтың басты мақсаты – чемпионатта үздік үштіктің қатарында болу және Қазақстан Кубогын жеңу.
Біздің серіктес: FONBET