Жарнама
Жарнама

Қызылордалық ұжым Марио Балотеллидің командасына қарсылық көрсетті

13.01.2026, 21:35

Қызылордалық "Қайсар" Біріккен Араб Әмірліктеріндегі оқу-жаттығу жиыны аясында  алғашқы бақылау кездесуін өткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Бұл ойын Андрей Ферапонтов үшін “Қасқырлардың" бас бапкері ретіндегі алғашқы матчы болды.

"Қайсардың” қарсыласы жергілікті "Әл-Иттифак” клубы. Тартысты өткен кездесуде алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қызылордалық ұжым сапынан жалғыз голды 79-минутта Батырхан Тәжібай соқты. 

Бұл матчтың тағы бір қызықты тұсы — "Әл-Иттифактың” жаңа әрі ең танымал ойыншысы, Италиялық жұлдыз Марио Балотеллиге қатысты болды. Әлемге аты шулы шабуылшы бұл жолы алаңға шықпай, ойынды қосалқы құрам орындығында отырып тамашалады. 

Ойыннан кейін дәл сол Марио “Қайсарға” алдағы маусымда сәттілік тіледі. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров