"Қызылжар" футбол клубы Cербиялық маман Милич Чурчичпен келісімшартын ресми түрде ұзартты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Клубтың Instagram парақшасында жарияланған мәлімдемеде:
"Милич Чурчич – бізбен бірге"
"Қызылжар“ Cербиялық маманмен келісімшартты ұзартты. Оның жетекшілігімен команда алғаш рет тарихында Қазақстан кубогының жартылай финалына жолдама алып, маусымды турнир кестесінің 9-орнында аяқтады.
Алда – жаңа жұмыс, жаңа мақсаттар. Бірге алға басамыз.” – делінген.
Біздің серіктес: FONBET