Екі команда осыдан екі апта бұрын ғана Қазақстан Кубогінде жолыққан болатын.
Ол ойын да Петропавл қаласында өткен. «Қызыл-Жар» 12-сәуірдегі сол кездесуде жалғыз голдың арқасында жеңіске жеткен еді. Содан бері көп өтпесе де біраз өзгерістердің орын алғанын айта кету керек, бұл ең алдымен петропавлдық клубқа қатысты. Команданы маусымға дайындаған Беларусь бапкері Александр Бразевич орнынан кетіп, Милич Чурчич келді. Петропавлдық ұжымның басшылығы «Тобылмен» Қазақстан Кубогінде топ жарған сербиялыққа сенім артуды жөн көріпті. Әйтеуір, басы жаман емес. «Қызыл-Жар» өткен турда бас бапкері ауысқан тағы бір команда «Атырауды» ұтты (2:1).
«Қайсар» үшін де өткен тур табысты өткен - легионерсіз клуб жұлдызды «Қайратпен» ұпай бөлісті (0:0). Жалпы, Виктор Кумыковтың командасы маусымның басында жылы лебіздер жиі естуде. Енді бүгін таза қарагөздерімізден жасақталған ұжым жанкүйерлерін Петропавлда да жерге қаратпауға ниетті.
Қос клуб көршілес орналасқан - «Қызыл-Жар» - 9, «Қайсар» - 11-сатыда. Араларында екі-ақ ұпай айырмашылық.
Сонымен, бұл бәсекеде біз алаң иелерінің жеке тоталы 1.5-тен көп болады деп топшыладық. Жаңа бас бапкермен жанкүйерлерінің алдында қызылжарлық футболшылар жеңіске жетуге тырысады. Fonbet.kz букмекелік кеңсесі бұған 2.4 коэффициент беруде.
Біздің серіктес: FONBET