Петропавл ұжымы Премьердің алғашқы тур кездесуін жеңіспен аяқтады.
“Қарасай” стадионында “Каспимен” болған матчта Милич Чурчич шәкірттері небәрі 11 минутта өз қақпасына гол жіберіп алды. Ақтаулықтар сапынан португалиялық қорғаушы Амарал есепті ашты. Алайда алаң иелері ойынның соңына дейін үмітін үзбей Этьен Бугре мен Йоханнес Бьорталидтің көмегімен керемет камбэк жасады. Үш білдей қорғаушы мен қақпашыны жер жастандырып кеткен Фредрикстадтың экс-ойыншысы ҚПЛ-де гол соққан алғашқы Фарер Аралдарының легионері болып тіркелді.
Ендігі кезекте “Қызылжар” 16 наурыз күні сырт алаңда “Ұлытауға” қонақ болады. Нүркен Мәзбаев шәкірттері қазірде “Атыраумен” кім мықтыны анықтап жатыр.
Айтпақшы, жоғары да аталған кездесуден бөлек, “Қайсар” - “Жеңіс” ойыны да паралелль өтіп жатыр. Бірақ қос матчта әзірге есеп ашылмады.
Біздің серіктес: FONBET