Жарнама
Жарнама

«Қызылжар» Премьер-лигада қалады

13.09.2025, 19:03

Қазақстан Премьер-Лигасының 23-турында петропавлдық «Қызылжар» өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдады.

Жарнама
Жарнама

Матчтың басы голға толы болды. 3-минутта Сени Себаи есеп ашты. Алайда көп ұзамай, Серікжан Мужиков таразы басын теңестірді. Дегенмен, алғашқы таймның соңына таман Елисей Горшунов «Қызылжарды» қайта алға шығарды. Екінші таймда қонақтардан жеңілістен құтылудың амалын қарастырғанымен, қосымша уақытта Себаи ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп: 3:1.

Бұл жеңістен кейін «Қызылжар» 24 ұпай жинап, турнир кестесінің тоғызыншы сатысына жайғасты.. Ал «Оқжетпес» 32 ұпаймен алтыншы орында тұр.

«Қызылжар» — «Оқжетпес» 3:1 (2:1)
Голдар: Себаи 3 (1:0), Мужиков 30 (1:1), Горшунов 41 (2:1), Себаи 90+5 (3:1).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: