Жарнама
Жарнама

“Қызылжар” сапы Камерундық ойыншымен толықты – “ПСЖ”-ға гол соққан жұлдыз Қазақстанда тиын-тебенге күнелтпек

Бүгін, 14:42

Францияның Лига 1-де доп тепкен Стефан Баокен мансабын Қазақстанда жалғастырады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Баокен — Еуропалық футболда есімі танымал тұлға. Ол Лига 1-де 150-ден астам матч өткізіп, 33 голдың авторы атанған. "ПСЖ", “Монако” сияқты алпауыттардың қақпасын дәл көздеген. Одан бөлек Камерун құрамасы сапында 22 ойынға қатысып, 4 мәрте мергендігімен танылған.

Бойы 1.85 метр болатын, физикалық тұрғыдан өте мықты бұл сұрмерген “Анже” мен “Страсбур” сапында нағыз бабында болды. Одан кейін Түркия суперлигасында бақ сынады.

Match KZ таратқан ақпаратқа сүйенсек, 33 жастағы форвард “Қызылжарда” айына небәрі 200 000 теңге жалақы алмақ. Бұл Еуропалық деңгейдегі жұлдыз түгілі, Қазақстан Премьер лигасының ортанқол ойыншысы үшін де өте аз сома. Мұндай қадамның астарында бірнеше себеп бар:

– Ұзақ үзіліс: Стефан Баокен соңғы бір жылға жуық уақыт бойы клубсыз жүрді.

– Ауыр жарақат: Ахиллес сіңірінің жарақатынан кейін ұзақ оңалту процесін өткізіп, үлкен футболға әзер дегенде қайта оралуда.

33 жастағы футболшы үшін қазір ақша емес, ойын практикасы мен өзін қайта дәлелдеу маңыздырақ болып тұрғандай.

Стефан текті жерден шыққан. Оның әкесі — Поль Баокен де 80-жылдары Камерун құрамасының сапында өнер көрсеткен кәсіби футболшы. Енді міне, әкесінің атын әлемге танытқан Стефанның тағдыры оны Солтүстік Қазақстанның суық өлкесіне алып келді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров