Петропавлдық команда 27 қыркүйек күні “Ақтөбеде” қонақта болады.
Милич Чурчич шәкірттерінің сырт алаңдағы жеңіссіз сериясы “Қайсармен” болған ойыннан басталды. Онда қызылордалық команда бір ойыншымен кем жүріп, Никита Губаревтің голымен 1:0 есебімен қарсыластан басым түсті. Келесі матчта “Қызылжар” “Ұлытаумен” тең түсті (1:1). Жезқазған ұжымы өз жанкүйерлерінің алдында соңына дейін күресіп, Тоқтар Жаңғылышбай көмегімен 1 ұпайға қол жеткізді. Одан кейін,"қызыл-қаралар" Премьердің 22-турында Семейге қонаққа барып, ол жақтан да олжасыз оралды.
Соңғы рет “Қызылжар” Қазақстан Кубогы аясында Шымкентке сапар шегіп, экстра-тайм нәтижесінде алаң иелері “Ордабасыға” 1:0 есебімен тізе бүкті. Соның кесірінен финалға жолдама ала алмады. Жалпылай алғанда, Петропавл командасының сырт алаңда жеңіске жетпегеніне 4 ойын болыпты.
27 қыркүйек болатын сырт алаң кездесуі де Милич Чурчич командасына оңайға соқпайды. “Ұлытаудан” күтпеген жерден жеңіліп қалған “Ақтөбе” 1 ай өткен соң Қобыландыға оралып отыр. Осыған орай, жергілікті ұжым фанаттары алдында “Қызылжардан” 3 ұпайын қағып алуы тиіс.
Біздің серіктес: FONBET