Жарнама
Жарнама

“Қызылжар” тарихи трансфер жасады – Фарерлік легионер ҚПЛ-да

02.02.2026, 21:48

Петропавлдық ұжым Фарер аралдары ұлттық құрамасының 29 жастағы шабуылшысы Йоаннес Бьяарталидпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Бұл оқиға Қазақстан футболы үшін маңызды, себебі бұған дейін еліміздің біріншілігінде әлемнің 99 түрлі елінен келген ойыншылар өнер көрсеткен еді. Ал, Бұл Фарер аралдары дәл 100-ші болып отыр.

Йоаннес Бьяарталид — өз еліндегі ең танымал футболшылардың бірі. Оның мансабы мынадай жетістіктермен өрілген:

– "КИ Клаксвик” (Фарер аралдары): Туған қаласының клубында 210 ойында 104 гол соғып, команданың елдегі ең мықты ұжымға айналуына үлкен үлес қосты.

– "Фредрикстад" (Норвегия): Соңғы үш маусымды Норвегияда өткізді. Алғашқы жылы-ақ команданың Элитсерияға (жоғары дивизион) шығуына көмектесіп, клубтың "Жыл ойыншысы” атанды. 2024 жылы Норвегия кубогының финалында пенальти сериясында гол соғып, жеңімпаз болды.

– Ұлттық құрама: Фарер аралдары сапында 2019 жылы Швецияға қарсы ойында дебют жасаған. Ұлттық құрама үшін алғашқы голдарын Ұлттар лигасында Люксембург қақпасына соққан.

Йоаннес — шабуылдың ортасында да, қанатта да ойнай алатын әмбебап ойыншы. Оның Еуропалық турнирлердегі және Норвегияның жоғары деңгейлі чемпионатындағы тәжірибесі "Қызылжардың” шабуыл шебін айтарлықтай күшейте алады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров