Солтүстік Қазақстан облысының "Қызылжар" футбол клубы ресми түрде жеке инвестордың қолына өтті. Аймақтық билік бірнеше күн бұрын клубтың белгілі кәсіпкер Сергей Канның меншігіне берілгенін растады. Осы аптада тараптар спорттық брендті, инфрақұрылым мен клуб активтерін беру туралы келісімге ресми түрде қол қойды.
"Forbes Kazakhstan журналының 2025 жылғы байлар рейтингі бойынша Сергей Кан аймақтың ең дәулетті 75 кәсіпкерінің ішінде 22-орында тұр. Оның басты активі – "Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы" (ЦАЭК), ол Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында энергиямен қамтамасыз етуді бақылайды. Бұдан бөлек, кәсіпкер туризм мен мұнайсервис саласында да ықпалды: ол Rixos Almaty қонақүйінің, Каспий жағалауындағы теңіз инфрақұрылымының және "Қазақ мұнай және газ институты" (КИНГ) пен "Каспиймұнайгаз" сияқты инженерлік компаниялардың иелері қатарында.
Қыркүйек айының соңында СҚО Әділет департаментінде жаңа заңды тұлға – "Футбол клубы «"Qyzyljar” жеке мекемесі тіркелген. Ресми мәліметке сәйкес, бұл құрылым клубты тиімді дамыту және басқару жүйесін жаңарту мақсатында құрылған.
Adata.kz дерегінше, жаңа ұйымның басшысы бұрын аты-шулы компанияларды басқарған Николай Панин болса, клубтың бас менеджері қызметіне Алишер Апсалямов тағайындалды.
Апсалямов — Suffolk University (Бостон, АҚШ) түлегі. Ол бұған дейін "Sarajevo” (Босния және Герцеговина), "Cardiff City” (Уэльс), сондай-ақ Қазақстандағы "Қайрат", "Каспий", "Атырау" және "Тобыл” клубтарында түрлі басқарушылық қызмет атқарған.
35 жастағы менеджер кәсіпкерлік салада да белсенді. Ол "Agro Resources" ЖШС-нің акционерлерінің бірі. Компанияның негізгі бағыты – бағалы және сирек металдарды өндіру. 2015 жылдан бері кәсіпорын 3,9 млрд теңгеден астам салық төлеген. Бұл компанияның шетелдік серіктесі – Нидерландта тіркелген Mining Resource Group B.V.
Апсалямов бұған дейін "Leading Esports Agency" компаниясының да тең иесі болған. Оның серіктестері арасында киберспорт саласының танымал есімдері – Георгий Петриашвили, Алдияр Искаков және экс-министр Зейнолла Какимжановтың ұлы Ильхалид Какимжанов болған. Алайда, бұл компания 2024 жылдың қаңтарында таратылған.
Ресми дерек бойынша, "Футбол клубы Qyzyljar” жеке мекемесінің жалғыз акционері – 56 жастағы кәсіпкер Ерлан Орынов. Ол "Қазақ мұнай және газ институтының" директорлар кеңесінің мүшесі және "СевКазЭнерго” компаниясының аффилиирленген тұлғаларының қатарында.
Айта кетерлігі, бұл кәсіпорынның негізгі иесі — жоғарыда аталған Сергей Кан. Сонымен қатар, Орынов "Энергетик” теннис орталығының да серіктесі, бұл жобаны "North Energy Operating” компаниясымен бірге басқарады.
Ең қызығы, жаңа "Қызылжар” футбол клубының мекенжайы мен "СевКазЭнерго” кеңсесі бір ғимаратта — Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі, 215 мекенжайында орналасқан.” – деп жазды Дядя Ваня телеграм арнасы.
Біздің серіктес: FONBET