23 жастағы қорғаушы Абдул Азиз Туре беларусияның экс-чемпиондарымен жаттығып жүр.
Кәсіби мансабын 2024 жылы “Сморгоньда” бастаған Кот-д’Ивуарлық өткен маусымды петропавлдық “Қызылжарда” өткізген болатын. Қазақстандық ұжымда Абдул Азиз барлығы 12 ойында алаңға шықты.
Қазірде Туре қосылған “Динамо” ұжымы Беларусияда жергілікті командалармен жолдастық ойындар өткізуде. Құрамда Абдул Азизден бөлек, Гүлжігіт Алықұлов өнер көрсетуде. Қазақстандық футбол фанаттары қырғыз Мессиін алматылық “Қайраттағы” сәтті маусымдарынан жақсы таниды.
“Қызылжарда” доп тепкен қаптал қорғаушы шабуылшы Леонард Гветтен кейінгі Минскі ұжымының кезекті трансфері жеп күтілуде.
Біздің серіктес: FONBET